Понедельник, 23 июня, 2025
No menu items!

Аймағамбетов ҰБТ барысында қолданылатын жаңа тетік жайында айтты

Басқа ақпараттар

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында қолданылатын жаңа тетік жайында айтты.

«Ұлттық бірыңғай тестілеуді биыл да электронды форматта өткізуіміз қажет. Ашықтықты, әділдікті қамтамасыз ету — басты міндеттің бірі. Биыл жаңа тетіктер де енгізіледі. Оның ішінде қосымша камера болады. Яғни, енді бір камера емес, 2 камера бір тест тапсырушыға арналып қойылады. Бір камера талапкердің тест тапсыру барысын қадағаласа, екінші камера сол адамның өзі отырған-отырмағанын белгіленген уақыттың ішінде суретке түсіріп, тіркейді. Тестілеудің басынан аяғына дейін басқа адам емес тесті тапсырушының өзі отырғанын бақылайды. Fist Id функциясы бар арнаулы камера болады. Сондықтан осы жоспарларды тиісті деңгейде орындау қажет», — деді министр.

Соңғы жарияланымдар

Қызылордада құқық қорғау саласындағы жетістіктер мен міндеттер талқыланды

Қызылорда қаласының «Өнер орталығында» облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Заң және Тәртіп» қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мен өзара іс-қимылдың басымдықтары»...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз