Аймағамбетов ҰБТ барысында қолданылатын жаңа тетік жайында айтты

216

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында қолданылатын жаңа тетік жайында айтты.

«Ұлттық бірыңғай тестілеуді биыл да электронды форматта өткізуіміз қажет. Ашықтықты, әділдікті қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі. Биыл жаңа тетіктер де енгізіледі. Оның ішінде қосымша камера болады. Яғни, енді бір камера емес, 2 камера бір тест тапсырушыға арналып қойылады. Бір камера талапкердің тест тапсыру барысын қадағаласа, екінші камера сол адамның өзі отырған-отырмағанын белгіленген уақыттың ішінде суретке түсіріп, тіркейді. Тестілеудің басынан аяғына дейін басқа адам емес тесті тапсырушының өзі отырғанын бақылайды. Fist Id функциясы бар арнаулы камера болады. Сондықтан осы жоспарларды тиісті деңгейде орындау қажет», – деді министр.