Суббота, 15 марта, 2025
No menu items!

Алматы облысында жаңа 24 мектеп пайдалануға берілді

Басқа ақпараттар

Алматы облысында жаңа оқу жылында 24 мектеп пайдалануға берілді. Бір ғана Талғар ауданының өзінде бес бірдей білім шаңырағы оқушыларға есігін айқара ашты.

Мәселен, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Талғар ауданының Ақтас ауылында № 36 орта мектепке және Белбұлақ ауылындағы № 32 білім шаңырағына 600 орындық ғимарат жапсарлай салынып, оқушыларды қабылдады. Бұл мақсатқа 2 млрд 374 млн теңге қаржы бөлінген.

Сонымен қатар Еламан, Кіші Байсерке, Еңбекші елді мекендерінде 300 орындық жаңа мектептер қолданысқа өтті.

Жалпы Талғар ауданының 2017 жылы білім саласының бюджеті 10 млрд 153 млн теңгеге жетті. Бұл қаржы аудан бюджетінің 72 пайызын құрап отыр.

Сондай-ақ, Іле ауданында алты, Қарасайда бес, Жамбылда төрт, Еңбекшіқазақта екі, Панфилов және Райымбек аудандарында бір мектеп ашылды. Жыл соңына дейін Алматы облысында тағы 11 мектеп пайдалануға беріледі.

Соңғы жарияланымдар

ҚР ТСМ келісімімен СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

ҚР Туризм және спорт министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының лауазымына ұсынылған Әділхан Сырлыбайұлы Сағындықовтың...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз