«Қазақстан халқына» қорына кімдер, қанша ақша аударды?

246

Биыл 11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс отырысында қордың құрылғанын мәлімдеген. Ол денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселелерді шешумен айналысады, деп хабарлайды Elorda.info.

Биыл 3 ақпандағы жағдай бойынша «Қазақстан халқына» 113,4 млрд теңге аударылды. Қорға қандай компаниялар мен кімдердің ақша аударғанын төмендегі тізімнен көруге болады:

2022 жылғы 17 қаңтар

  • «Степногорск тау-кен химия комбинаты» ЖШС – 350 млн теңге
  • Абулғазин Данияр Рустемұлы – 500 млн теңге

2022 жылғы 18 қаңтар

  • Сұлтанғазин Алмас Өмірзақұлы – 200 млн тенге
  • «Халық» қайырымдылық қоры – 2 млрд теңге
  • «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ – 500 млн теңге
  • «Kaspi дүкені» ЖШС – 3 млрд теңге
  • Kaspi Bank АҚ – 7 млрд теңге
  • Asia FerroAlloys ЖШС, YDD Corporation ЖШС және олардың акционерлері – 1 млрд теңге
  • 2022 жылғы 19 қаңтар Нұрсұлтан Назарбаев қоры – 500 млн теңге
  • Қазақстан халық жинақ банкі – 3 млрд тенге
  • «Қаратас Майнинг» ЖШС – 100 млн теңге
  • Lancaster group Kazakhstan АҚ – 500 млн теңге
  • Bazis Сonstruction ЖШС – 400 млн теңге

2022 жылғы 20 қаңтар

  • «СарыарқаАвтоПром» ЖШС – 250 млн теңге
  • BI-Development ЖШС – 300 млн теңге
  • «Астана-Моторс» ЖШС – 550 млн теңге

2022 жылғы 24 қаңтар

  • «Сәби» жеке қайырымдылық қоры – 1 млрд теңге
  • Избасин Мұхамед Теміртайұлы – 100 млн теңге
  • NAK Development ЖШС – 100 млн теңге
  • Махат Рашит Мұкарамұлы – 50 млн теңге

2022 жылғы 25 қаңтар

  • Kazakhmys Smelting ЖШС – 5 млрд теңге
  • Kaz Minerals Aktogay ЖШС – 6,2 млрд теңге
  • Kaz Minerals Bozshakol ЖШС – 6,2 млрд теңге
  • «Востокцветмет» ЖШС – 3,1 млрд теңге

2022 жылғы 27 қаңтар

  • Болат Өтемұратов қоры – 10 млрд теңге
  • «Рамс-Казахстан» ЖШС – 300 млн теңге

2022 жылғы 28 қаңтар

  • Сүлейменов Диас Төлеутайұлы – 450 млн теңге
  • «Халық» қайырымдылық қоры – 10 млрд теңге
  • «Банк ЦентрКредит» АҚ – 200 млн теңге
  • «Көліктік сервис орталығы» АҚ – 150 млн теңге
  • ERG корпоративтік қоры – 30 млрд теңге

2022 жылғы 31 қаңтар

  • Altyntau Kokshetau АҚ – 6 млрд 470 млн теңге
  • «Казцинк» ЖШС – 5 млрд 855 млн теңге
  • ТОО «КаР-Тел» – 2 млрд теңге
  • «Жәйрем КБК» АҚ –  675 млн теңге
  • Цхай Яков Андреевич –  500 млн теңге
  • MabetexGroup компанисы –  500 млн теңге
  • Genesis Digital Assets ЖШС – 300 млн теңге
  • «Саутс ойл» ЖШС – 200 млн теңге

2022 жылғы 1 ақпан

  • APL Construction ЖШС –  800 млн теңге
  • Eurotransit Nur zholy ЖШС – 450 млн теңге
  • Gas Processing Company ЖШС – 450 млн теңге
  • «Банк ЦентрКредит» АҚ – 300 млн теңге
  • Integra Construction KZ ЖШС – 200 млн теңге
  • Sapa Software ЖШС – 100 млн теңге
  • Итемгенов Қайрат Шәкіртұлы – 100 млн теңге

2022 жылғы 2 ақпан

  • Тұрлов Тимур Русланұлы – 500 млн теңге
  • Ыдырысов Дінмұхамет Аппазович – 300 млн теңге
  • Есенов Ғалымжан Шахмарданұлы – 250 млн теңге
  • «Бағыстан» ЖШС – 100 млн теңге
  • Vertex Trans ЖШС – 20 млн теңге
  • «Эдельвейс Транс» ЖШС – 20 млн теңге.