Четверг, 12 декабря, 2024
No menu items!

Қазақстандық студенттер пайдаланылған өсімдік майынан биоотын жасап шығарды

Басқа ақпараттар

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері өсімдік майынан биоотын жасап шығарды.

Жас ғалымдар Назерке Халел мен Муниса Сайдиғаниеваның жобасы халықаралық конференцияда жүлделі орын алды. Жоба жетекшісі – ҚазҰПУ докторанты Гүлсара Ақанова. Ол экологиялық таза биоотын өндірудің бірегей технологиясын жасаумен бірнеше жыл бойы айналысып келеді.

«Қазір көптеген елдер биоотынға көшіп жатыр. Шетелде негізінен қант қамысы, жүгері сияқты әртүрлі өсімдіктерден өндіреді. Біз биоотын алу бойынша өз технологиямызды ойлап таптық және жасадық. Жылдам тамақтану мейрамханаларында өсімдік майы көп мөлшерде пайдаланылады және тамақ пісіргеннен кейін ол жарамсыз болып қалады. Біз оны қайта өңдеуді ұсынамыз. Ол үшін өсімдік майын ұсақ қоспалардан тазартамыз, содан кейін сілтілі катализаторды және этил спиртін қосамыз. Осылайша биоотын аламыз», – дейді басшы Гүлсара Ақанова.

Жас ғалымдардың жобасы бірқатар экологиялық және экономикалық мәселелерді шешеді. Биоотын экологиялық таза және тиімді, сонымен қатар арзан, қауіпсіз және тасымалдауға ыңғайлы.

Пайдаланылған өсімдік майынан биоотын алу технологиясы жас ғалымдар мен студенттердің «Фараби әлемі» халықаралық конференциясында үздіктердің бірі деп танылды. Әзірге бұл – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті студенттерінің алғашқы ғылыми жетістігі. Алдағы уақытта Назерке Халел мен Муниса Сайдиғаниева жобаларын жетілдіріп, стартап жобаларға қатысуды жоспарлап отыр.

Соңғы жарияланымдар

Қайрат Сәтжанов: Екі салмақ бойынша финалдың нәтижесімен келіспейміз❌

Бокстан Қазақстан 🇰🇿құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов команданың Таиландта өткен Азия чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді. «Біз тек екі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз