Биыл «Алматы жастары» жобасы аясында қаланың 1 мың тұрғыны баспаналы болады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы Жастары» қалалық тұрғын үй бағдарламасын биыл да жалғастыру жоспарланып отыр. Жеңілдікпен несиелендіру бойынша «Алматы Жастары» қалалық бағдарламасы шеңберінде 2022 жылға қабылдауды бастау, өтінімдер мен құжаттарды қабылдау сайты, бағдарламаның ағымдағы жылғы шарттары мен талаптары бойынша ақпарат Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының сайтынан және әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады», — деп хабарлады қала әкімдігінен.

Айта кетейік, бағдарламаға 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады, олар: медицина қызметкерлері, мұғалімдер, ЖОО мен ҒЗИ оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, жазушылар, халықты әлеуметтік қорғау және құқық қорғау органдарының мамандары.