«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Геннадий Головкиннің жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді.

9 сәуір күні қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Жапонияның Сайтама қаласында жергілікті Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кәсіпқой рингтегі 44-ші кездесуін өткізеді. Бұл жекпе-жекте Головкинның IBF, IBO және Муратаның WBA Super чемпиондық белбеулері сарапқа салынады.

Кәсіпқой бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады.