Халықтың табысын арттыруға 197 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Оның айтуынша, 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасында халықтың табысын арттыруға бағытталған жалпы шығыстар 197 млрд теңгені құрайды. Осы қаражат аясында жастарды қолдау, өз бизнесін ашу үшін микрокредиттер беру, жалға алынған тұрғын үй үшін төлемнің бір бөлігін субсидиялау және халықтың нақты табысын арттыруға бағытталған басқа да маңызды іс-шаралар қамтамасыз етіледі. Ал азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары аясындағы іс-шараларға 238 млрд теңге жұмсалады.