Республикалық «Ғани Мұратбаев» атындағы жастар сыйлығы Қазақстандық патриотизмді арттыруға елеулі үлес қосқан жас дарынды белсенділерді қолдау, Орта Азия мен Шығыс жастарының жалынды жетекшісі, белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың ісі мен өнегесін өскелең ұрпаққа дәріптеу, кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі. Сонымен қатар, Сыйлық талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі.

Сыйлықты алуға үміткер ретінде 35 жасқа дейінгі жоғары кәсіби жетістіктері бар Қазақстан Республикасының азаматтары бола алады.

Сыйлық келесі бағыттар бойынша беріледі:

-мәдениет пен өнер саласындағы жетістіктері (қыл қалам шеберлері) үшін;

-білім және ғылым саласындағы жетістіктері үшін;

-әдебиет және журналистика саласындағы жетістіктері (ақын немесе шығармашыл жастар) үшін;

-спорт саласындағы жетістіктері үшін;

-мемлекеттік тіл саясаты саласындағы жетістіктері үшін;

-Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру ісіндегі қоғамдық-саяси белсенділігі мен жетістіктері.

Конкурс жайлы толығырақ мына сілтемеден біле аласыздар.