Суббота, 23 ноября, 2024
No menu items!

Сапасы жақсы, бағасы да арзан

Басқа ақпараттар

Сенбі күні Талдықорған қаласындағы Қонаев көшесінің бойында орналасқан «ОптМаркет» көтерме сауда орталығы аумағында ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Оған Ақсу, Ескелді, Қаратал, Көксу, Кербұлақ, Сарқан аудандарының, Талдықорған, Текелі қалаларының тауар өндірушілері мен «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жалпы көлемі 135 тонна ауылшаруашылық өнімдері жеткізілді.

Айта кетерлігі, бұл күні таң ата нөсер жаңбыр төпелеп, арты қарға ұласып, мазамызды алғаны анық. Ауа райының осындай қолайсыздығынан жәрмеңкенің сәтті өтеріне басында сенім болған жоқ. Бірақ, жыл сайын осы уақытта жергілікті биліктің ұйымдастыруымен жыл бойғы еңбегінің жемісін делдалсыз саудаға салып, табысын еселеуге үйреніп қалған облыс еңбеккерлері таң атпастан «ОптМаркет» көтерме сауда орталығы аумағындағы арнайы белгіленген жерге шатырын тігіп, өнімін жайып қызу тірлікке кірісіп кетті. Күн көтеріле жаңбыр да тоқтап, жан-жақтан ағылған ел сауда орталығына жинала бастады. Осындай көтеріңкі көңіл-күймен басталған қызу сауда-саттық кеш кіргенше толастаған жоқ.

Таңсәріден басталған алғашқы күзгі жәрмеңкені аудан басшылары аралап, сөреге қойылған өнімдер мен оның бағаларын көріп шықты. Сатушылармен әңгімелесіп, биылғы жылдың өнім өндірушілер үшін тиімді болғанын айтып өтті. Сондай-ақ, жергілікті өнімдердің сапасын арттырып, олардың нарықтағы бәсекеге қабілеттілігіне жіті назар аудару қажеттігін және осы бағытта нақты шаралар қолдануды тапсырды. Расында, тұрғындардың өзімізде өсірілген сапасы жоғары, экологиялық жағынан тазалығы күмән тудырмайтын, бағасы қалта көтеретін өнімдерге былайғы кезде қолы жете бермейтіні рас. Қалалықтар көбіне қысқа қажетті азық-түлікті осы жәрмеңкеден түгендеп алады.

Жәрмеңкеде сауда сөресіне қойылған өнім мөлшері мейлінше мол болды. Атап айтқанда, қала тұрғындарына жылқы, сиыр, қой, құс еттері, балық, сүт өнімдері, картоп, көкөніс, жеміс-жидек, бал, қант, күнбағыс майы, қымыз және басқа да жалпы 50-ден астам азық түрі төмен бағамен ұсынылды. Таң атқаннан кеш кіргенше тынымсыз жалғасқан сауданың да көрігі қызды. Өнім өндірушілердің де бүйірі тоқ.

Міне, осындай сапалы өнімдерге қойылған тиімді бағамен қатар арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарлама да көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бұл қатарда Ескелді аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары барын салды. Әсем әуен, қүмбірлі күй, мың бұралған биге еліткен көпшілік өздері қалаған тауарын емін-еркін сатып алып, ризашылықпен қайтып жатты. Сол күні облыстың басқа да өңірлерінде өткен жәрмеңкелер де жұрттың көңілінен шықты. Ендігі кезекте өңір еңбеккерлері өз өнімдерін өзге де аймақ жұртшылығына ұсынбақ.

Алдыңғы мақала
Келесі мақалада
- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img