Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Абылайхан Жүсіпов алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.
Абылайхан 71 келіге дейінгі салмақта түркменстандық Байрамдурды Нұрмұхамедовпен қолғап түйістірді.
Бұл жекпе-жек отандасымыздың айқын басымдылығымен өтті. Үшінші раундта ол қарсыласын нокдаунға жіберді. Қорытынды есеп – 5:0. Осылайша, Абылайхан Жүсіпов те жартылай финалға жолдама алды.
Енді Қазақстаннан Әйгерім Сәттібаева мен Сымбат Әлиасқар рингке шығады.