Суббота, 12 октября, 2024
No menu items!

Офицерлер балы

Басқа ақпараттар

Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы мен өңірлік коммуникациялар қызметі «Көктем Grand» қонақүй кешенінде алғаш рет «Офицерлер балын» ұйымдастырды. Игі бастама ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай өтті.

Белгілі хореограф Денис Масковских дайындаған ханзада мен ханшайымдай 16 офицерлік жұп әдемі әуенге елітіп, өнерлерін ортаға салды. Шараға Талдықорған гарнизонының үздік офицерлері, еріктілері мен қала тұрғындары қатысты.

– Бас қолбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев барлығымызға үміт артты. Тәуелсіз еліміздің туы жығылмасына сенім білдірді. Сондықтан бірлігіміз бекем, қорғанысымыз мықты болуға еңбек етейік. Отанымыз бейбіт күн кешіп, тыныштығымыз бұзылмасын. Мереке құтты болсын! – деді жүрекжарды тілегін ақтарған Талдықорған әскери гарнизонының штаб бастығы, подполковник Жанат Ермұханов.

Әскери азаматтардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін арттырып, Ұлттық әскер сапында адал қызмет атқаруға үндеген шарада тәуелсіздік атты ұғымның маңыздылығы айтылды. Соған қол жеткізу үшін жанын пида еткен бабаларымыздың батырлығы, ерлігі жастарға үлгі етіліп, ел мен жердің қасиеті әспеттелді. Веналық вальс концерттік бағдарламаның мәні мен сәнін келтірді. Көктемдей құлпырған сұлулар мен қайратты жігіттердің биі көпшілікті тәнті етсе, өнерпаздар тамсандырып ән айтты.

Мерекелік шараның соңында кештің ханзадасы мен ханшайымы анықталды. Олар: Тимур Ибадуллаев және Динара Молдахметова. «Бүгінгі шараға қатысу мен үшін абырой, келешекте де игі бастама жалғасын табады деген ойдамын. ҚР Қарулы Күштері мемлекетімізбен бірге дамып, қорғанысымыз нығая берсін», – деген Тимур Ибадуллаев ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

2024 жылғы 7-13 қазан күндері өтетін жарыстар аңдатпасы

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі ин ұсынды. 🔹 7-13 қазан – Үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты Астанада алғаш рет үстел теннисінен...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img