Қайғылы оқиға Ақтаудағы түзету орталықтарының бірінде болған, деп хабарлайды Jas.kz 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.
Туыстарының айтуынша, үш бала қараусыз қалған. Олардың бірі терезені ашқан кезде әуе шары ұшып кеткен. Оны ұстап алмақ болған 8 жастағы Нұрали үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.
Бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер екі ай бойы оның өмірі үшін күрескенімен, аман алып қала алмады
