Ұлттық банк 2026 жылға арналған инфляция болжамын жаңартты

Басқа ақпараттар

Ұлттық банк 2026 жылға арналған инфляция болжамын қайта қарап, көрсеткішті төмендетті. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлемеге қатысты өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Jas.kz.

Оның айтуынша, келесі жылы инфляция 9–11 пайыз аралығында болады деп күтілуде. Бұған дейінгі болжам 9,5–11,5 пайыз деңгейінде болған. Болжамның нақтылануына инфляция қарқынының баяулауы, тұтынушылық несиелеудің төмендеуі және ұлттық валютаның нығаюы әсер еткен.

«2026 жылы инфляция 9–11% аралығында қалыптасады деп күтіледі. Бұған дейін бұл көрсеткіш 9,5–11,5% деңгейінде еді. Түзету инфляцияның нақты баяулауымен, тұтынушылық несиелеудің азаюымен және айырбас бағамының нығаюымен байланысты», – деді Тимур Сүлейменов.

Ал 2027 жылға арналған болжам өзгеріссіз қалды. Ұлттық банк инфляция деңгейі 5,5–7,5 пайыз аралығында болады деп есептейді.

Ведомство инфляцияны төмендету үшін қатаң ақша-несие саясатын жалғастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар бюджет тәртібін сақтау, ішкі сұранысты тұрақтандыру және тарифтік саясаттың болжамдылығын қамтамасыз ету маңызды факторлар ретінде аталды.

Ұлттық банк басшысының сөзінше, сыртқы инфляциялық ахуал тұрақты болып, Үкімет пен Ұлттық банк қабылдап жатқан шаралар өз нәтижесін берсе, 2028 жылы инфляцияны 5 пайыздық нысаналы деңгейге жақындатуға мүмкіндік бар.

Сондай-ақ Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеменің төмендеуі теңге бағамына айтарлықтай әсер етпейтінін атап өтті.

Соңғы жарияланымдар

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарды көтерді

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарға назар аударды Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз