Ашық лига ойындарының чемпионы анықталды!

19

 

Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен 2022 жылдың 5-қарашада Бейбітшілік және Келісім сарайында Астана қаласының ашық чемпионатының ФИНАЛДЫҚ ойыны өтті. Аталмыш сайысқа еліміздің барлық аймағынан 6 команда қатысты. Ойындарға елімізге танымал әзілкештер Тасхан Қанат,Бекзат Дүйсенов, Ғалым Махамбетов және Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы Қайрат Қамбаров төрелік етті. Бұл ойынның қазылар алқасы төрағасы Жоғары лига ойындарының жүргізушісі, «Қазақсттан КВН Одағы» директоры Есен Елеукен болды. Нәтижесінде, бас жүлдені Шымкент қаласынан келген ерекше құрама «Бәркелді кірпі» жігіттері иеленсе, күміс жүлде Атыраулық «Индер» құрамасына бұйырды.Ал 3-орынға Оралдық «Дежавью» командасы жайғасса, «Үздік ойыншы» номинациясы Астаналық «Элита» командасының ойыншысы Сапаров Наурыз атанды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Бар жанарды жаулаған Жайдарман ойындарын әр жексенбі Еларнадан көре аласыздар!