Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог — Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол

Басқа ақпараттар

4 шілде күні елордада «Астана Бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС және ARCHICA халықаралық медиа платформасының қолдауымен URBAN TALKS ASTANA іс-шарасы өтті. JAS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада өткен сарапшылар диалогы 8 шілдеде Қызылордада өтетін Ұлттық Урбан Форум — 2025 аясындағы іс-шаралардың алғашқы қадамы болды.

«Астана Бас жоспарының» макеттеу залында Қазақстан қалаларын дамытудың жаңа тәсілдері талқыланып, урбанизацияны қайта пайымдау идеялары ұсынылды.

Кездесудің хедлайнерлері:

  • Гарри Доббс – халықаралық деңгейдегі сәулетші, Ұлыбританиялық «Harry Dobbs Design» компаниясының негізін қалаушы. Оның жобалары Лондоннан Эр-Риядқа дейінгі мегаполистерді қамтиды. Оның көзқарасы – стратегиялық жоспарлауды креативті индустриялармен ұштастыра отырып, қалалық дамуға жаңа серпін беру.

  • Юрий Милевский – «Novaya Labs» аналитикалық компаниясының негізін қалаушы және бас директоры. Қалалардағы тәуекелдерді бағалау және инновациялық шешімдерді енгізу саласында маманданған. Бұған дейін ЭЖМ ҒЗУ-дің Урбанистика жоғары мектебінде академиялық қызметтер атқарған.

Спикерлер қазақстандық қалалардың алдында тұрған сын-қатерлер мен даму перспективаларын талдап, болашақ пікірталастардың тақырыптық бағыттарын айқындады. Халықаралық тәжірибе мен жергілікті ерекшеліктерді үйлестіре білу — URBAN TALKS-тың басты өзегі ретінде аталды.

URBAN TALKS ASTANA ел астанасы мен өңірлер арасындағы кәсіби диалогты нығайтудың маңызды бөлігіне айналмақ. Бұл кездесу мен алда өтетін Қызылорда форумы — урбанистік сын-қатерлерді түсінуден нақты шешім тетіктерін қалыптастыруға дейінгі логикалық көпір болмақ.

8 шілдеде Гарри Доббс пен Юрий Милевский Ұлттық Урбан Форум — 2025 аясында бейінді сессияларда сөз сөйлейді. Сондай-ақ «Қазақстанның қалалық күн тәртібін өңірлік деңгейде іске асыру» тақырыптық сессиясына «Астана Бас жоспары» ҒЗИ» АҚ жанындағы Урбанистика орталығының басшысы Данияр Чиндалиев қатысады.

Соңғы жарияланымдар

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды

Осы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады6 деп хабарлайды...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз