Басты бет Жаңалықтар Бүгін футзалдан әлем чемпионы анықталады

Бүгін футзалдан әлем чемпионы анықталады

Жексенбі, 6 қазан күні футзалдан Өзбекстандағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетеді. Бразилия мен Аргентина құрамалары финалдық матчта кездеседі.

Бразилия — Аргентина матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 19:50-де басталып, Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Аргентина ширек финалда Қазақстан құрамасын жарыс жолынан шығарды. Сондай ақ, оңтүсікамерикалықтар үш жыл бұрын өткен жаһан біріншілігінің финалисті.

BAQ.KZ

Exit mobile version