Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншылары Аустрия астанасы Вена қаласындағы Қазақстан Республикасының елшілігінде ұйымдастырылған референдум учаскесіне барып, дауыс берді деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама Венаға УЕФА Ұлттар Лигасы аясындағы кезекті тур ойынын өткізу үшін келген болатын.