UFC 307 турнирінде сенсация тіркелді

Басқа ақпараттар

6 қазанда Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) UFC 307 турнирінің екінші маңызды кездесуінде Ракель Пеннингтон мен Джулианна Пенья жеңіл салмақтағы әйелдер арасындағы чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасты.

Бес раундтан кейін Пенья төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, жаңа чемпион атанды.

Пеннингтонның алдыңғы жекпе-жегі 2024 жылдың қаңтарында UFC 297 турнирінде өтіп, Майра Буэно Сильваны жеңген болатын. Оның 16 жеңісі мен тоғыз жеңілісі бар.

Пенья бұған дейін 2022 жылдың шілдесінде UFC 277 турнирінде сегізбұрышқа шығып, Аманда Нунестен ұтылды. Еншісінде 12 жеңісі мен бес жеңілісі бар.

 

Соңғы жарияланымдар

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарды көтерді

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарға назар аударды Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз