Ұлттық құрама ойыншылары Венада жүріп, референдумға қатысты

Басқа ақпараттар

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншылары Аустрия астанасы Вена қаласындағы Қазақстан Республикасының елшілігінде ұйымдастырылған референдум учаскесіне барып, дауыс берді деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама Венаға УЕФА Ұлттар Лигасы аясындағы кезекті тур ойынын өткізу үшін  келген болатын.

Айта кетейік, Ұлттар Лигасының үшінші турындағы Австрия мен Қазақстан арасындағы матч 2024 жылғы 10 қазанда Линц қаласындағы «Райффайзен Арена» стадионында өтеді, стадион 19 080 көрерменді сыйдыра алады.

Кездесудің басталуы Астана уақытымен 23:45-те.

Соңғы жарияланымдар

СЕНІМ МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕСТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АКТИВІНЕ АЙНАЛУДА

Қазақстан астанасында мемлекеттік және корпоративтіккоммуникацияларды дамытуға арналған жыл сайынғы XIV PR Forum Astana кәсіби салааралық конференциясы өтті. Биылғы форумның...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз