Среда, 2 апреля, 2025
No menu items!

6 млн-ға жуық турист: Қазақстанда ішкі туристтер саны артты

Басқа ақпараттар

Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында 5 млн 973 мың қазақстандық ел ішінде саяхаттаған. Ішкі туристер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 562 мың адамға артқан. 2023 жылы осы көрсеткіш 5,4 миллион адамды құрады.

Алматы, Астана қалалары мен Ақмола облысы ішкі туризм бағыттары арасында көш бастап тұр. Бұл аймақтар туристерді ерекше табиғатымен, дамыған инфрақұрылымымен және алуан түрлі туристік мүмкіндіктерімен тартып келеді

«Ішкі туристер санының артуы қазақстандықтардың ел бойынша жиі саяхаттайтынын көрсетеді. Яғни, өз елін танып-білуге деген қызығушылығының артқанын байқауға болады. Ішкі туризмді әр азамат үшін қолжетімді, тартымды және жайлы етуге жұмыстар жасалуда. Осы мақсатта инфрақұрылымды дамытып, жаңа бастамаларды қолдап келеміз», – деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.
Соңғы жарияланымдар

ҚР ТСМ келісімімен СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

ҚР Туризм және спорт министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының лауазымына ұсынылған Әділхан Сырлыбайұлы Сағындықовтың...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз