Алматыда лаңкестік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі жойылды

Басқа ақпараттар

Алматыда лаңкестік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі алынады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб мәліметінше, Алматы қаласында ахуал тұрақтанған. Осыған орай, 7 ақпан күні сағат 00:00-ден бастап қала аумағынан лаңкестік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейін алып тастау туралы шешім қабылданды.

«Арнайы және құқық қорғау органдары қызметтің күшейтілген режимін жүргізуді жалғастырады. Барлық қала тұрғындарына түсіністік танытып, азаматтық жауапкершілік білдіргендері үшін алғыс айтамыз», – делінген хабарламада.

Соңғы жарияланымдар

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарды көтерді

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарға назар аударды Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз