Олимпиадада ең аз медаль алған ұйымдастырушы елді білесіз бе?

682
Әдетте олимпиада ұйымдастырушы елдер өз жерінде өтетін додаға тыңғылықты дайындалып, медалді көбірек алып қалуға жанталасады. Спортшылар да өз жанкүйерлері үшін барын салатыны анық. Алайда Олимпиада өз жерінде өтсе де, 1 ғана медаль алған жалғыз ел бар екен.
Ол – қазіргі таңда мемлекеттігін жоғалтқан Югославия болып шықты. 1984 жылы  өткен қысқы Олимпиадада алаң иелері 1 ғана күміс медаль алған.
Егер 2022 жылы Қазақстан қысқы Олимпиаданы өткізу құқығына ие болғанда, бұл антирекордты бұзар ма еді?