Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында өткен жылға есебін жариялады.

Оның айтуынша, білім беру сапасы төмен 15 жоғары оқу орны жұмысын тоқтатқан.

«Тағы оқыту сапасы нашар 65 ЖОО-дан 500-ден астам лицензия кері қайтарылды. Сондай-ақ 30 колледж жұмысын тоқтатып, тиісті деңгейде білім бермеген мамандықтар бойынша 2000 лицензия министрлікке қайтарылды», делінген жазбада.

Мәліметке сүйенсек, 100 мыңнан астам студент басқа жоғары оқу орындарына ауыстырылған. Сонымен қатар тексеру кезінде іс жүзінде оқытылмаған он мыңға жуық студент оқудан шығарылды, жоғары оқу орындарында олардың құжаттары да болмаған.