«Диплом жұмысқа орналасуға кепілдік емес»: Болашақ педагогтар үшін міндетті тестілеу енгізілді

269

Педагогикалық бағытта білім беретін жоғары оқу орындарының түлектері үшін міндетті тестілеу енгізілді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-та жазды.

Оның айтуынша, дайындығы нашар үміткерлер мұғалім болып жұмысқа орналаса алмайды.

«Тағы бір жаңалық – педагогикалық бағытта білім беретін жоғары оқу орындарының түлектері үшін міндетті тестілеу енгізілді. Енді дайындығы нашар үміткерлер мұғалім болып жұмысқа орналаса алмайды. Яғни педагогикалық білім туралы дипломның болуы енді жұмысқа бірден орналасуға кепілдік бермейді. Балалармен жұмыс істей білу өте маңызды және жауапты міндет болғандықтан, алдымен тәуелсіз тестілеуден өту керек. Мұндай сыртқы емтиханды 2021 жылы шамамен 40 мың түлек тапсырды. Олардың ішінде шекті балл жинағандар ғана мектепте жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Енгізілген бұл жаңашылдық жоғары оқу орындары жұмысының сапасын да көрсетті. 36 университет осы мамандық бойынша дайындау бойынша лицензиясынан айырылды», деп жазды министр.