Бүгінгі таңда елордада «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – БЖК-2025) белсенді жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама бірнеше бағытты қарастырады, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Бағдарлама мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
2) банктердің/даму банкінің кәсіпкерлерге берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру;
3) мемлекеттік гранттар беру.
Субсидиялауға кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің, оның ішінде жас кәсіпкерлердің кредиттері жатады. Несиенің ең жоғарғы сомасы – 7 млрд теңге, субсидиялау мерзімі 5 жылға дейін, айналым қаражатын 3 жылға дейін толықтыруға бағытталған. Кәсіпкерлер үшін соңғы мөлшерлеме – 6%.
Үкіметтің 2020 жылғы 30 шілдедегі дағдарысқа қарсы шаралары шеңберінде бағдарламаға микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін салалық шектеулерсіз портфельдік субсидиялау бағыты енгізілді. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттің ең жоғары сомасы – субсидиялау мерзімі екі жылға дейінгі 5 млн теңгеден аспайды, бұл ретте кредит револьверлік негізде берілуі мүмкін. Инвестициялық мақсаттағы кредиттің ең жоғары сомасы – үш жылға дейін субсидиялау мерзімімен 20 млн теңге.
Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша карантиннен кейінгі кезеңде бизнесті қолдау мақсатында БЖК-2025 аясында шағын және орта бизнес кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлеме 6%-ға дейін төмендетілді. Екінші деңгейдегі банктер жобаларды оңайлатылған тәртіппен қарайды, мақұлдаған жағдайда кәсіпкердің қатысуынсыз субсидиялау шартына қол қойылады.
Бағдарламаның екінші бағыты аясында жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген, оның ішінде жас кәсіпкерлердің кредиттері кепілдендіруге жатады. Жаңадан бастағандар үшін кепілдіктің ең жоғары мөлшері кредит сомасының 85%-ға дейін (360 миллион теңгеге дейін), ал жұмыс істеп тұрғандар үшін ең жоғары сомасы 1 млрд теңгеге дейін (50%-ға дейін).
Толық кеңес алу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жүгінуге болады: www.damu.kz немесе жедел желі бойынша 14-08.
Сонымен қатар, БЖК-2025 аясында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беріледі.
Мемлекеттік гранттар экономиканың басым секторларында (өңдеу өнеркәсібі, білім беру, денсаулық сақтау және т.б.) жаңа бизнес-идеяларды өтеусіз негізде іске асыруға арналған.
Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы 2 (екі) млн теңгеден 5 (бес) млн теңгеге дейін құрайды. Міндетті шарттар: қоса қаржыландыру (сұралатын соманың 10%-ы мөлшерінде), жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және/немесе жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайынғы негізде республикалық бюджеттен 29 жасты қоса алғанда дейінгі кәсіпкерлерді қолдау үшін қаражат бөлінеді.
2019-2021 жылдар аралығында 180 миллион теңге бөлініп, 48 жобаға қолдау көрсетілді. Сондай-ақ, өткен жылы мемлекеттік гранттардың 68 жеңімпазының 22-сі жас кәсіпкер болып саналады, олардың 9-ы республикалық бюджет есебінен, ал қалған 13-і жергілікті бюджет есебінен қолдау тапты.
2022 жылға республикалық бюджеттен 45 млн теңге бөлінді. Өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың сәуір айында онлайн режимінде «Qoldau» цифрлық платформасында жоспарлануда, бұл ретте бір ай ішінде инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының ресми сайтында хабарландыру жарияланады: https://www.gov.kz/memleket/entities/nur-sultan-uir?lang=ru.
Толық кеңес алу үшін мына нөмірлер бойынша хабарласуыңызға болады:
55-69-21, 55-69-10, 55-69-03 және 55-69-16.
Сондай-ақ, жас кәсіпкерлер жергілікті «Астана бизнес 2» бағдарламасына салалық шектеусіз қатыса алады, несиенің ең көп сомасы: ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін – 50 млн теңге; жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін – 100 млн теңге. Қаржыландыру мерзімі 7 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыру – 3 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8,5% аспайды.
Толық кеңес алу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жүгінуге болады: www.damu.kz немесе жедел желі бойынша 14-08.