Суббота, 12 октября, 2024
No menu items!

Панфилов ауданында кооперативтер жұмыс істейді

Басқа ақпараттар

Алматы облысында құрылып жатқан ауыл шаруашылығы кооперативтерінегізінен сүт және ет бағытына маманданған. Солардың бірі Панфилов ауданында жуырда құрылып, бүгінгі күні үлкен мүмкіндіктері бар екенін көрсетіп отыр.

Көктал ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 2017 жылдың наурыз айында құрылған, құрамына 40 адамды біріктіріп отыр. Негізгі мақсаты – сүтті бағыттағы ірі қара тұқымын өсіріп, шағын сүт тауарлы фермасын ашу.

Кооператив төрағасы Нұржан Қарабалаевтың айтуынша, кооперативті дамытуға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Алматы филиалы арқылы 129,4 млн. теңге бөлінген. Қазіргі кезде 350 бас ірі қара сатып алынған. Оның 252 басы — сүтті сиырлар. Сол сияқты 2 тоннаға лайықталған сүт қабылдау пунктінің жобасы мақұлданып, пунктті салу көзделіп отыр.

Жалпы Алматы облысында бүгінге дейін 52 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, өз жұмыстарын ет пен сүт және жеміс-жидек пен көкөніс дайындау ісіне бағыттап отыр.

Биылғы жылдың I тоқсанындағы мәлімет бойынша өңірде 60 мал бордақылау алаңдары мен 54 сүт тауарлы фермалары жұмыс істейді. Олардың жүктемесі сәйкесінше 90,6% және 93,7%. Қазіргі кезде 20,5 мың басқа арналған 12 мал бордақылау нысанының және 870 басқа арналған 7 сүт тауарлы ферманың құрылысы жүріп жатыр. Жеке қосалқы шаруашылықтарда 4247 басқа арналған отбасылық мал бордақылау алаңдарын құру көзделген.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

2024 жылғы 7-13 қазан күндері өтетін жарыстар аңдатпасы

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі ин ұсынды. 🔹 7-13 қазан – Үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты Астанада алғаш рет үстел теннисінен...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img