ҰҚК: Маусым айында 125 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді

Басқа ақпараттар

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі 2026 жылдың маусым айындағы жұмыс қорытындысын жариялады.

Ведомствоның мәліметінше, бір ай ішінде 125 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы тіркелген.

Тіркелген қылмыстардың басым бөлігін 97 парақорлық фактісі құрайды. Сондай-ақ 9 алаяқтық, 8 лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану, 7 жымқыру, 3 қызметтік жалғандық жасау және 1 билікті асыра пайдалану дерегі анықталған.

Қылмыстық істер аясында 67 адам күдікті деп танылды.

Есепті кезеңде 149 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 129-ы сотқа жолданған.

Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залал көлемі 4,7 млрд теңгені құрады. Оның 2,1 млрд теңгесі мемлекет бюджетіне қайтарылды. Сонымен қатар құны 971,4 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды.

ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын мәлімдеді.

 

Соңғы жарияланымдар

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендетті

Қазақстан Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты комитетінің шешімімен базалық мөлшерлеме 25 базистік тармаққа төмендетіліп, 16,75% деңгейінде белгіленді. Бұл туралы Ұлттық...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз