Суббота, 23 ноября, 2024
No menu items!

Жылыжай кешендерін дамыту мәселелері талқыланды

Басқа ақпараттар

Жылыжай кешендерін дамытуға басымдық бере отырып, ауылшаруашылығы саласын дамытуда өзара әріптестікті орнату мәселелері облыстық әкімдік ғимаратында өткен Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бекемпіров пен Голландиядан келген делегацияның кездесуінде талқыланды. Бұл кездесу сауда-саттық мақсатын көздеуші голландиялық компаниялардың өзге елдермен қарым-қатынасын нығайту жоспары аясында Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің ұйымдастыруымен және Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты.

Келген делегация мүшелерін қабылдаған С.Бескемпіров, ең алдымен облыстың ауылшаруашылығын дамытудағы соңғы жетістіктеріне тоқталып өтті.

—    Алматы облысы аграрлы-индустриалды өңір болып саналады. Республикамыз бойынша ауылшаруашылық өнімдерінің 17%-і Жетісу өңіріне тиесілі. Бізде 8 млн. га ауылшаруашылығы мақсатындағы жер алқаптары бар. Оның ішінде ауылшаруашылығы өнімдерінің егіс алқабы 950 мың га. Ол жерлерде дәнді дақылдар, жеміс-жидектер, қант қызылшасы, майбұршақ, көкөністер мен көптеген өзге де өнімдер өсіріледі. Ағымдағы жылдан бастап, жаңғақ шаруашылығын дамытуды қолға алдық. Бұл мақсатта 2 мың га аумаққа жаңғақ егуді жоспарлаудамыз. Осы күнде жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Жылыжай кешендерін дамыту мәселесіне тоқталар болсақ, бізде бүгінгі күні жылыжайлардың алып жатқан жер аумағы 80 га құрайды. Жыл соңына дейін жалпы көлемі 38 га аумаққа орналасқан жаңа жылыжайлар іске қосылмақ. Негізінен онда қияр, қызанақ, ас көк өсіреміз. Жылыжай кешендерін дамыту мәселесі өңір басшылығы үшін өзекті мәселелердің бірі болғандықтан, облыс әкімі бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарды үнемі бақылауында ұстауда. Біз осы бағытта сіздермен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатуға ниеттіміз. Ауылшаруашылығы саласындағы облысымызда мықтап қолға алынған тағы бір бағыт ол – сүт өнімдерін өндіру. Бізде сүт өндіруді дамытуға қажеттілікті қанағаттандыратын жақсы жем-шөп қоры жинақталған. Осы бағытта да сіздермен бірлесіп жұмыс жүргізуге дайынбыз, — деді С.Бескемпіров.

Голландиялық делегация атынан сөз алған Нидерланды Корольдігі Елшілігінің Алматы қаласындағы Кеңсесінің басшысы В.Роггенкамп:

— Тығыз уақыт кестелеріңізден уақыт тауып, бізді қабылдағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл менің осы өлкеге бесінші рет келуім. Қала осы жылдар аралығында жылдам қарқынмен дамып келе жатқандығын, көптеген жаңа ғимараттардың бой көтергендігін ерекше атап өткім келеді. Біз екі жақты әріптестікті нығайтуға ерекше ықылас білдіреміз, — деді.

Осыдан кейін В.Роггенкамп делегация құрамымен таныстырды. Делегацияның басым көпшілігі голландиялық ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруші компаниялардың өкілдері екен. Нақтырақ айтар болсақ, бұл компаниялар негізінен жылыжайларға арналған металл-конструкциялар өндіретін, жылыжай құрылысымен айналысатын, тұқым мен гүл баданаларын өндіретін, сонымен қатар әртүрлі құрал-жабдықтар, жарық беретін құрылғылар және де жылыжай шаруашылығын дамытуға қажетті көптеген өзге де заттарды шығаратын компаниялар.

Сауда-саттық орнату мақсатымен келген делегация өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап бергеннен кейін, облыс әкімінің орынбасары С.Бескепіров кездесуді қорытындылады.

— Біз әріптестік орнатуға әрдайым ашық екендігімізді тағы бір мәрте ескертіп өткім келеді. Ол үшін бізде қолайлы инвестициялық климат пен барлық мүмкіндіктер жасалған. Бізде Талдықорған аймағы мен Алматы қаласына іргелес аудандарымызда барлық қажетті индфрақұрылымы жүргізілген, дайын кәсіпорындар мен жылыжайларды орналастыруға арнайы әзірленген индустриалды аймақтар бар. Егер Сіздердің инвесторларыңызды біздің инвесторларға жасап жатқан қолайлы жағдай мен мүмкіндіктеріміз қызықтыратын болса, біз, өз тарапымыздан барлық қажетті қолдауды көрсететіндігімізді сенімді түрде айта аламыз. Біздерді Сіздердің технологияларыңыз бен құрылғыларыңыз, сондай-ақ инвесторларыңыздың біздің өңірімізде өздерінің кәсіпорындарын ашқаны қызықтырады. Барлық қызықтырған сауалдарыңыз бен келіссөздерді облыстың ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруші 100-ден астам компания өкілдерінің қатысуымен өтетін семинарда талқылауға толық мүмкіндіктеріңіз бар, — деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Естеріңізге салар болсақ, осыдан кейін «Көктем Грант» қонақ үйінде ұйымдастырылған семинар-кездесуге жылыжай кешендерінің құрылысын жүргізу, жылыжайларға арналған автоматтандырылған жүйелер орнату, жеміс-жидек және көкөніс қоймасын салу, жылыжай кешендеріне жарықтандыру жүйесін жүргізу, тұқым мен гүл баданаларын өсірумен айналысатын 14 голландиялық ауылшаруашылығы мақсатындағы өнім өндіруші компания өкілдері қатысты. Олар жергілікті ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруші компаниялармен келіссөздер жүргізіп, қос тарапқа да тиімді талаптар мен ұсыныстар жайын талқылап қайтты.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img