Нұр-Сұлтан қаласында Республикалық жоғары лиганың 1/2 ойындары өтті. Жартылай финалға жолдама алған 12 команда 5-6 қазан күндері өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Сайыс өткен Бейбітшілік және келісім сарайы екі күн де жайдармансүйер көрерменге лық толды.
Ойын Қазақсан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында ұйымдастырылды. Көпен Әмірбек бастаған қазылар алқасының құрамында Дәулет Кәрібек, Бахтияр Артаев,Еркебұлан Мырзабек, Геннадий Шиповских болды.
Бірінші күннің қорытындысы бойынша ӨзенМұнайГаз, Фемида құрамалары финалға өтті. Екінші күні әділ қазылар алқасының шешімімен, семейлік Элемент, маңғыстаулық Боранқұл командалары финалға жолдама алды. Сонымен қатар, Грант құрамасы резервпен өтіп, финалдық ойында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.