Президент Қасым-Жомарт Тоқаев орташа жалақы мен жан басына шаққандағы табыс көлемі ұдайы өсіп келеді деген жалған есептер беруді сынға алды.

«Қазіргі таңда 1 миллионға жуық адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді. Бұл – соңғы 10 жылдағы ең нашар көрсеткіш. Сөйте тұра орташа жалақы мен жан басына шаққандағы табыс көлемі ұдайы өсіп келеді деген жалған есеп берілуде. Бұл – нағыз көзбояушылық. Менің тапсырмам бойынша халықтың табысын арттыруға арналған бағдарлама әзірленіп жатыр. Бұл құжатта тұрғындардың кірісін көбейтумен қатар орынсыз шығынын азайтатын тың шаралар қарастырылуы тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.