Пятница, 13 декабря, 2024
No menu items!

Панфилов ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін зауыт іске қосылды

Басқа ақпараттар

Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін «МПК Әулет» ЖШС-нің зауыты аудан аумағында жиналған қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеп, одан отын түрлерін шығара бастады.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін зауыттар салу — облыс басшысының аудан, қала әкімдерінің алдына қойған маңызды міндеттерінің бірі. Сондықтан А. Баталовтың Панфилов ауданына барған сапарында «МПК Әулет» ЖШС тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін зауыты назардан тыс қалған жоқ.

 Жаркент қаласының солтүстік-шығысында орналасқан зауыттың жер аумағы 12 га.

Зауыт директоры Кенжебек Ермұханбетовтің айтуынша, зауытты іске қосу үшін 70 млн. теңге инвестиция құйылған.

— Кәсіпорынның қуаты айына — 600 тонна. Тәулігіне шығарылатын дайын өнім – пешке сұйық отын – 8,5 тонна, көмір қалдығы – 7,4 тонна, металлокорд – 1 тонна болмақ. Зауытты іске қосу арқылы ауданда жиналып қалған тұрмыстық қалдықтарды жою, әрі 30 адамды жұмыспен қамту мүмкіндігі пайда болды. Зауыт өзіне кеткен шығынды 6 айдың ішінде ақтап шығады. Қазірдің өзінде жергілікті тұрғындар қордаланып қалған тұрмыстық қатты қалдықтарын зауытқа белсенділікпен әкеліп, өткізіп жатыр. Өткізілген қалдықтың әр келісіне 10 теңгеден төленеді, — деді К.Ермұханбетов.

Облыс әкімі А. Баталов өңірде қалдық өңдеу мәселесі өзекті проблемалардың бірі екенін атап өтті.

А. Баталов:

— Менің тарапымнан барлық аудан, қала әкімдеріне қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салу туралы тапсырма берілген болатын. Қойылған тапсырманы алғашқылардың бірі болып Панфилов ауданы орындады. «МПК Әулет» сияқты кәсіпорындарды қолдауымыз қажет. Бұл тек экологиялық мәселелерді шешіп қана қоймай, өңірдің экономикасына да оң ықпалын тигізеді, — дей келе, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы М. Мұратқа «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша зауытқа несие бөлу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.

Соңғы жарияланымдар

Қайрат Сәтжанов: Екі салмақ бойынша финалдың нәтижесімен келіспейміз❌

Бокстан Қазақстан 🇰🇿құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов команданың Таиландта өткен Азия чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді. «Біз тек екі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз