Ұлытау облысында кәсіпорын директорының пара беру әрекеті әшкереленді

Басқа ақпараттар

Ұлытау облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері пара беру дерегінің жолын кесті. Бұл туралы ІІМ хабарлады.

Ер адам алаяқтық фактісі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша оң шешім қабылдату мақсатында тергеушіге ақшалай сыйақы ұсынған.

Тергеу бөлімінің қызметкері күдіктінің заңсыз әрекеттері туралы өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлаған.

Жедел іс-шаралар барысында күдікті ақшаны беру кезінде қылмыс үстінде ұсталды. Ақша қаражаты тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Соңғы жарияланымдар

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендетті

Қазақстан Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты комитетінің шешімімен базалық мөлшерлеме 25 базистік тармаққа төмендетіліп, 16,75% деңгейінде белгіленді. Бұл туралы Ұлттық...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз