Четверг, 14 ноября, 2024
No menu items!

846 дайын жер учаскесі берілмек

Басқа ақпараттар

Алматы облысы әкімінің міндетін атқарушы Лаззат Тұрлашов Ұйғыр және Панфилов аудандарында жұмыс сапарымен болып, бірнеше нысандардағы құрылыс жұмыстарының сапасымен танысып қайтты, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Ең алдымен Лаззат Махатұлы Шонжы ауылының Солтүстік-Батыс бөлігінде бой көтеріп келе жатқан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге арналған жер учаскелерінде инженерлік-коммуникациялық жүйелерін жүргізу жұмыстарымен танысты.

Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары Құралбек Бекмұханбетовтың сөзіне сүйенер болсақ, мұнда бүгінгі күні су құбыры, кәріз және электр жүйелері жүргізілуде. Сондай-ақ көшелерге арық жүйесі жүргізіліп, су жинақтаушы резервуарлар қойылған. Бұл жерде жеке тұрғын үй құрылысы үшін 846 жер учаскесі берілмек. Бас жоспарға сәйкес, болашақта 1200 орындық орта мектеп пен 280 орынға арналған балабақша да бой көтереді. 6 өрт сөндіру техникасына арналған өрт сөндіру депосы салынады. Сонымен қатар 3 га аумақты емхана салуға арнайы белгілеп қойған. Құрылыс жұмыстарының Бас мердігері — «Қиықбай строй сервис» ЖШС.

Бүгінгі күні жұмыстардың 70 % аяқталған. Нысанды пайдалануға өткізу мерзімі – ағымдағы жылдың қараша айы. Дайын учаскелер 2018 жылдан бастап жер алуға өтініш берген азаматтардың арасында кезек реті бойынша берілетін болады.

Тағы бір жақсы жаңалық, осы жерде жалға берілетін 10 баспананың құрылысы аяқталуға жақын. Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде арнайы құрылған жұмыс комиссиясы нысандарды қабылдап, 20 қыркүйектен бастап түрлі санаттар бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың арасында, кезегіне сәйкес беретін болады. Бұл нысандардың құрылысын жүргізген — «Арай» ЖШС. Аталған екі мердігер құрылыс серіктестіктері өз жұмыстарын белгіленген мерзімге сай уақытылы әрі сапалы жүргізуде.

Нысанның құрылыс жұмыстарымен танысқан өңір басшысы міндетін атқарушы Л.Тұрлашов атқарылып жатқан жұмыстардың қарқынын бәсеңдетпей, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында халықты баспанамен қамту мәселесін шешуді және Шонжы ауылын әрі қарай дамытуды тапсырды. Сондай-ақ өз сөзінде азаматтарға берілетін жер учаскелеріне үй тұрғызар алдында, әрбір жер иесіне салынатын үйлердің сәулет – құрылыс талаптарына сай болуын ескертуді тапсырды.

Осыдан кейін Л.Тұрлашов Панфилов ауданына барып, Нұркент қалашығының құрылысымен танысып, бірнеше нысандар бойынша жоспарға түзетулер енгізу қажеттігін атап, жұмыстарды белгіленген мерзімде тапсыруды және құрылыс материалдарының сапасына мән беруді тапсырды.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img