Ұлыбританияның FourFourTwo басылымы ресми сайтында ХХІ ғасырдың 100 үздік футболшысы рейтингін жариялады. Көш басында – Лионель Месси.

Журнал осы ғасырдағы ең үздік футболшылар рейтингінің басына аргентиналық ойыншыны орналастырған. Одан кейінгі орында – португал Криштиану Роналду. Үштікті әйгілі испан ойыншысы Андрес Иньеста түйіндеген.

Сондай-ақ рейтингтің алғашқы ондығына Хави, Роналдиньо, Зинедин Зидан, Тьерри Анри, Мануэль Нойер, Кака және Луис Суарес енген.

Дереккөз: massaget.kz