Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жапониялық Риота Муратаны техникалық нокаутпен жеңді. 

Жекпе-жек Жапонияның Сайтама қаласында өтті. Қазақстандық боксшы қарсыласын 10-раундта нокаутпен жеңді.

Осылайша, Геннадий Головкин кәсіби карьерасында 44-жекпе-жегін өткізді. Сонымен қатар, Головкин орта салмақтағы IBF және IBO титулдарына Риота Муратаның WBA Super белбеуін қосты.