Басты бет Жаңалықтар ХХІ ғасырдың 100 үздік футболшысы белгілі болды

ХХІ ғасырдың 100 үздік футболшысы белгілі болды

Ұлыбританияның FourFourTwo басылымы ресми сайтында ХХІ ғасырдың 100 үздік футболшысы рейтингін жариялады. Көш басында – Лионель Месси.

Журнал осы ғасырдағы ең үздік футболшылар рейтингінің басына аргентиналық ойыншыны орналастырған. Одан кейінгі орында – португал Криштиану Роналду. Үштікті әйгілі испан ойыншысы Андрес Иньеста түйіндеген.

Сондай-ақ рейтингтің алғашқы ондығына Хави, Роналдиньо, Зинедин Зидан, Тьерри Анри, Мануэль Нойер, Кака және Луис Суарес енген.

Дереккөз: massaget.kz

Exit mobile version