Пятница, 11 октября, 2024
No menu items!

Кептірілген жемістің қыста қандай пайдасы бар екенін білесіз бе

Басқа ақпараттар

Америка ғалымдары қыста жаңа піскен жеміс жетіспеген кезде, оның орнына кептірілген жемісті жеп, жаңа піскен жемістің нәрі мен құнарлығындай пайда алуға болатынын мәлімдеді деп жазады РИА Новости.

Зерттеу жұмысының нәтижесін Journal of the Academy of Nutrition and Dietetics басылымы жария етті. Пенсильвания университетінің мамандары 9 жыл зерттеу жасап, жаңа піскен жемістің орнына кептірілген жемісті жеуге болатынын, екеуінің құнарлығы бірдей екенін анықтады.

Жоғарғы оқу орнының ғалымдары 2007-2016 жылдары АҚШ-та жүргізілген Ұлттық денсаулық сақтау және тамақтану зерттеуінің мәліметтерін талдай келе, кептірілген жеміс жеген азаматтардың рационы мен денсаулық жағдайына үңілген.

 

Олар тәулігіне 4 стақан не одан көп кептірілген жеміс жеген 20 жастан асқан 25 мыңнан аса адамды бөліп алған. Ал олардың денсаулығы мен кардиометаболикасын, диетасын Сау тамақтану индексінің мәліметтерімен салыстырыпты.

Зерттеушілер назарға алынған деректерді қорытындылай келе, кептірілген жеміс жеген адамдардың денсаулығы жемегендерге қарағанда әлдеқайда жақсы күйде болғанын анықтады.

Сонымен қатар, ондай адамдардың дене салмағы қалыпты, қан қысымы жоқ, белінде артық салмағы жоқ екені белгілі болды.

Одан бөлек, кептірілген жеміс жеген күнгі қан айналымы мен жалпы ағзаның күйі жемеген күнге қарағанда әлдеқайда жақсырақ болатынын да байқаған.

Алайда ғалымдар кептірілген жемісті қантсыз құр күйде жеген дұрыс дегенді айтады. Себебі қант қосылған жемісте қоректік талшық, калий мен жартылай қорытылған май сынды артық заттар көбейіп кететін көрінеді.

«Кептірілген жеміс – пайдалы азық, бірақ оны қантсыз, тәтті қосылмаған күйінде жеген жөн. Кептірілген жеміс жаңа піскен жеміске қарағанда кішірек болғанымен, құнарлығы онымен тең. Өйткені кептірілген жемісте су болмайды. Сондықтан бір жағынан рационға да қараған дұрыс», — дейді зерттеу авторларының бірі, Джонс Хопкинс қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ғылыми қызметкері Валери Салливан.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

2024 жылғы 7-13 қазан күндері өтетін жарыстар аңдатпасы

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі ин ұсынды. 🔹 7-13 қазан – Үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты Астанада алғаш рет үстел теннисінен...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img