Четверг, 12 декабря, 2024
No menu items!

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі

Басқа ақпараттар

Шорт-трек: Қытай астанасы Бейжіңде өткен World Tour кезеңінде Қазақстан әйелдер командасы эстафетада қола жүлде жеңіп алды. Ел намысын Малика Ермек, Алина Ажғалиева, Яна Хан мен Ольга Тихонова қорғады. Бұл — эстафетадан әйелдер құрамасының әлемдік турда жеңіп алған алғашқы жүлдесі.

Конькимен жүгіру: Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында мәресіне жеткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогі кезеңінде Арина Ильященко күміс медаль иеленді. Ол 500 метр қашықтықты 41.30 секундта жүгіріп өтті. Сонымен қатар Анастасия Беловодова мен Михаил Матрюхин аралас эстафетада үшінші орынға ие болды.

Пара спорт: Малайзияда ұйымдастырылған есту қабілеті төмен спортшылар арасында Х Азия-Тынық мұхиты ойындарында Қазақстан құрамасының спортшылары спорттың 6 түрінен 66 медаль (17 алтын, 25 күміс және 24 қола) жеңіп алды.

Теннис: Латвияның Айзкраукле қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы ITF J100 турнирінде Заңғар Нұрланұлы чемпион атанды. Әлемдік рейтингте 77-орында тұрған отандасымыз финалда Нидерланд өкілі Хайде Шонмарксты жеңді – 6:3, 6:2.

Аралас жекпе-жек: АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 310 турнирінде Шавкат Рахмонов (19-0) ирландиялық файтер Иэн Гэрримен жекпе-жекке шығып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

 

Соңғы жарияланымдар

Оразбек Асылқұлов — Азия чемпионатының күміс жүлдегері!

Ұлттық құрама боксшысы Оразбек Асылқұлов 57 кг дейінгі салмақта Таиландтағы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Ол финалда өзбекстандық Миразизбек...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз