Понедельник, 25 ноября, 2024
No menu items!

Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры ұсталды

Басқа ақпараттар

Қаржы мониторингі агенттігі Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры Оспанбек Әлсейітовтің ұсталғаны туралы ақпаратты растады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Павлодар облысы бойынша ҚМА аумақтық департаменті «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бас директоры Әлсейітовке және басқа да тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша «ПМХЗ» ЖШС-нің дизель отынын өндіру процесін құрамдастыру жөніндегі функцияларын аутсорсингке заңсыз иеліктен шығару дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, «ПМХЗ» ЖШС-нің директоры Әлсейітовке қатысты Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу соты 2 ай мерзімге «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Факт бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сәйкес өзге де мәлімет жария етуге жатпайды.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img