Среда, 15 января, 2025
No menu items!

Вайнер Мейіржан Төребаев қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді

Басқа ақпараттар

Белгілі вайнерлер — Мейіржан Төребаев, Әзизжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязовқа қатысты тергеу соты бұлтартпау шарасы санкцияланғаны туралы ақпарат шықты. Бұл туралы Kozachkov offside телеграм каналы хабарлады.

Телеграм каналының хабарлауынша, үш вайнер де қылмыстық кодекстің 217 — бабы — «қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету»бойынша күдікті деп танылған. Осы баптың 3-бөлігі бойынша олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тергеу мәліметтері бойынша, Туребаев, Саидбаев және Шерниязов «Mudarabah capital» қаржылық пирамидасын жарнамалап қана қоймай, сонымен қатар компанияның тең иелері ретінде тұрақты негізде табыс тапқан.

Бұрын сол іс бойынша компанияның бас директоры Руслан Бұрханов қамауға алынды, кейінірек оның басқа әріптестері тергеу изоляторларына қосылды. Алайда Төребаев, Саидбаев және Шерниязов қандай да бір себептермен кепілге жіберілген.

Соңғы жарияланымдар

Черчесов қызметінен кетеді

Футболдан Қазақстан 🇰🇿 ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов жаңа президенттің шешімімен қызметтен кететін болыпты. Орнына 2 қазақстандық және 2...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз