Қазақстандағы әуекомпаниялар қызметі бір жыл бұрынғыға қарағанда, 18 пайызға жуық қымбаттады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында — 45,7%, Маңғыстауда — 43,2% және Түркістан облысында — 34,8%-ке өскен. Тек Ақмола мен Солтүстік Қазақстан өңірінде ғана баға сол қалпы. Ал Павлодар және Жамбыл облыстарында ұшақ билеттерінің құны бұрынғыдан арзандаған.