Бұл жолы желіге дәрігерлік құпияға жататын мәліметтер тараған. Атап айтқанда, студенттердің гинекологиялық диагноздары, жүктілік туралы деректер және басқа да жеке ақпараттар аты-жөнімен бірге жария болған, деп хабарлайды Jas.kz.
Университеттің баспасөз қызметі қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады. Ал прокуратура деректердің таралуына қатысты тексеру жүргізіп жатыр.
«Заңбұзушылықтар мен заңсыз жария ету фактілері расталған жағдайда, заңға сәйкес шаралар қабылданады», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, мұндай жағдай алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. 2024 жылы да ҚазҰУ студент қыздарының жыныстық өміріне қатысты мәліметтер тараған еді.
