ҚФФ президенттігіне үміткерлер белгілі болды

Басқа ақпараттар
2022 жылдың 10 ақпанында «Қазақстан Футбол федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ сайлау комитетінің жиыны өтті.

Комитет ҚФФ президенті сайлауына қауымдастық мүшелері ұсынған үміткерлердің құжаттарын қарады. Сайлау 2022 жылдың 28 ақпанында ҚФФ Конференциясында өтеді.

Жиын қорытындысы бойынша алдағы сайлауға келесі үміткерлер тіркелді:

Барменқұлов Әділет Назарбайұлы – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, «Қазақстан Футбол федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ президентінің кеңесшісі;

Жарылқасынов Ерлан Еркінбекұлы – «Қазақстан әуесқой футбол лигасы» ҚБ төрағасы;

Қаниев Берік Сералыұлы – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, «Lancaster Group Kazakhstan» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;

Лория Давид Григорьевич – Нұр-Сұлтан қаласының Футбол федерациясы қауымдастығы ЗТБ президенті;

Оразбеков Қайрат Айтмолдаұлы – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, «Қайрат» АФК президенті;

Айта кетейік, ҚФФ президенті Жақсыбеков Ә.Р. кандидатурасы сайлауға қатысудан бас тартуына байланысты тіркелмеді.

Соңғы жарияланымдар

СЕНІМ МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕСТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АКТИВІНЕ АЙНАЛУДА

Қазақстан астанасында мемлекеттік және корпоративтіккоммуникацияларды дамытуға арналған жыл сайынғы XIV PR Forum Astana кәсіби салааралық конференциясы өтті. Биылғы форумның...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз