Суббота, 15 марта, 2025
No menu items!

Шетелге шығарылған 530 млн доллар елге қайтарылды – министрлік

Басқа ақпараттар

Вице-министрі Азамат Әмірғалиев ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде осындай ақпарат айтты.

Былтыр Әділет министрлігі шетелге шығарылған 530 млн доллар елге қайтарылуына себепкер болған. Вице-министрі Азамат Әмірғалиев ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде осындай ақпарат айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«460 млн доллардан астам сомаға мемлекет мүддесі қорғалып, екі дау бойынша 530 млн доллар елге қайтарылды», — деді вице-министр.

Айтуынша, Әділет министрлігі тарапынан авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға 8 мыңнан астам куәлік, ал өнеркәсіптік меншік объектілеріне 12 мыңнан астам қорғау құжаты берілген.

«2021 жылға арналған республикалық бюджеттен министрлікке 53 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, ол толығымен игерілді», — деп түйіндеді Азамат Әмірғалиев.

Аталмыш жиында сот орындаушылардың өндірісінде жалпы көлемі 9 трлн теңгеден асатын 6 млн 760 642 құжат бар екені айтылды.

«Сот орындаушылардың өндірісінде жалпы көлемі 9 трлн теңгеден асатын 6 млн 760 642 құжат бар. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 30% көп. Шамамен 300 млрд теңге болатын 2 млн 349 166 құжат толық орындалды. Бұл – өндірістегі құжаттардың 74%-ы», -дейді Әділет министрінің орынбасары Азамат Әмірғалиев.

Соңғы жарияланымдар

ҚР ТСМ келісімімен СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

ҚР Туризм және спорт министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының лауазымына ұсынылған Әділхан Сырлыбайұлы Сағындықовтың...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз