Суббота, 23 ноября, 2024
No menu items!

Жастар жылы – жасампаздық бастауы

Басқа ақпараттар
Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2018 жылы 5 қазанда Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында: «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын», – деген еді. Кеше Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Астанадағы EXPO-2017 көрме орталығындағы «Нұр Әлем» павильонында өткен Жастар жылының салтанатты ашылуына қатысты. Іс-шара басталмас бұрын Мемлекет басшысы «Жас қазақстандықтардың жобасы» көрмесін аралап көрді. Жастар жылының салтанатты ашылуына жастардың барлық санатының өкілі қатысты. Олардың ішінде жас кәсіпкерлер мен ғалымдар, дарынды оқушылар мен балалар үйінің тәрбиеленушілері, спортшылар мен әскери қызметкерлер, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» байқауының қатысушылары мен «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлектері бар. Жастар жылының ашылуына Қазақ­стан Республикасы Үкіметінің мүшелері мен Парламент депутаттары, «Нұр Отан» партиясының жетекшілері, жергілікті атқару органдарының басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері де қатысты. Өз сөзінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев жастарға «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын не үшін жазғанын айтып берді. «Біз аспаннан салбырап түскен жоқпыз. 1991 жылы Тәуелсіздік алсақ та, біздің үлкен әрі терең тарихымыз бар. Сол себепті сендерге «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаламды ұсындым. Ағылшындар Артур королі туралы айтады. Қытайдың 5 мың жылдық тарихы бар дейді. Біздің де тарихымыз бар. Соны жалғастырып жатқан ұрпақпыз. Жастар өз тарихын айта білуі керек. Ғұндар бар. Одан кейінгі ата-бабамыз – көне түркілер. Біз – солардың ұрпағымыз. Көне түркілер Алтай мен Қара теңіздің арасын алып отырған. Ал Атилла – біздің қыпшақ. Біз – сол батыр бабаның ұрпағымыз. Соны білуіміз керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, президент жас мамандар мен жұмысшылар қай салада болсын қажет. Оларға дер кезінде бағыт-бағдар берген жөн. Мамандық таңдауда адаспауы тиіс. Осыны Мемлекет басшысы баса айтты. «Жас маман» бағдарламасын әзірлеуі керек. Үш жылда жоба еліміздің барлық өңірінде 200 мыңға тарта жас азаматтарымызды қамтуы тиіс. Оның аясында ең сұранысқа ие индустриалдық-сервистік 100 кәсіп бойынша жетілдірілген 200 оқу орны базасында мамандарды даярлағымыз келеді», – деді. Мемлекет басшысы жастардың ұсыныстарына байланысты өзінің ой-пікірін салтанаттың соңына қарай білдірді. Елбасы жастарды ауыл шаруашылығын көтеруге белсене атсалысуға шақырды. Өйткені Қазақстанда бұл саланы дамытуға барлық мүмкіндік пен жағдай бар. Басқасын айтпағанның өзінде, егіндік және жайылым жер жеткілікті. Соның барлығын тиімді пайдаланып, заманауи ғылыми технологияларды енгізетін болса, Қазақстанның әлем халықтарын асырауға мүмкіндігі бар. «Сол себепті аграрлық кешен біз үшін өте маңызды әрі бірегей. Біз осы салада өз брендтерімізді жасай аламыз. Ашық айтайын, қазір бір инвесторлар жер сұрап отыр. Соған Американың технологияларын енгізуге әзір. Мәселен, АҚШ-тың Дакота штатында бізден жеті есе артық өнім алып отыр. Ондай технологияларды өз жерімізде де енгізе аламыз ғой. Қазақстанда аграрлық кешен стратегиялық сала болып саналады. Болашақта аталған сала отандық экономиканың басты драйверіне айналуы әбден мүмкін», – деді Мемлекет басшысы. Өткен жылы біздің республикада 125 мың жас орта мектепті бітірген. Келешекте еңбек нарығына шығатын жастардың саны арта түсетін болады. Бала туу мен халық өсімі оң динамикаға ие. Бүгінде елімізде шамамен 300 мың адам немесе барлық жастардың 9 пайызы білім беруге де, еңбек нарығына да тартылмаған. Мұны да айтқан Елбасы. «Демек, осынау жастардың санын жылына 1 пайызға қысқарту үшін тиімді шаралар қабылдау қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Жастар жан-жақты білімді, рухани жағынан сусындауы тиіс. Бұл бағытта Қазақстанда қолға алынған іс-шаралар көп. Соның бірі – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы». Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы «Ашық университет платформасы заманауи технологиялар мен білім беру міндетін біріктіре отырып, білім сапасын жақсартуға және оны қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Ашық университет идеясы әлемде кеңінен қолданылатын қашықтықтан білім беру мен ашық онлайн-курстар тәжірибесіне негізделеді. Мұндай курстардың әдістемесі мен технологиясы білім беруді дербестендіреді. Яғни, әр адам өзіне ыңғайлы уақытта, өзіне ыңғайлы орында және өзіне ыңғайлы жылдамдықпен оқиды», – деді. Оның айтуынша, әлем бойынша онлайн курстар тыңдаушыларының саны 100 млн адамға жеткен. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «100 жаңа оқулық» жобасы қазақстандық ашық университетті құру мен дамытуға мүмкіндік береді, қазақстандық студенттерге әлемнің үздік университеттерінің курстарын қолжетімді етеді. Қазір порталға енгізу үшін қазақ және орыс тілдерінде 100-ден астам курс әзірленді. Халықаралық сарапшылар бұл жобаны өңірлік білім беру хабы ретінде жоғары бағалады. Сіз мақұлдаған жағдайда, Астана ашық университеті өз курстарын алдағы оқу жылында ұсынуға дайын», – деді Р.Кенжеханұлы. Жастар жылының ашылуына байланысты салтанатты жиында жастардың бастамалары мен жобалары жайлы жан-жақты айтылды. Жастарды жұмыспен, баспанамен қамту, оларға қажетті жағдайларды жасау бағытында мемлекеттің қолға алған тиісті бағдарламалары мен жоспарлары бар. Оның бәрі жастар жылында ойдағыдай жүзеге асатыны сенім зор. Ең бастысы – жастар заманауи өзгерістер мен жаңарудан қалыс қалмай, бәсекеге қабілетті болуы керек. Мұны Мемлекет басшысы баса айтты: «Біздің көз алдымызда жаңа жаһандық өркениет келе жатыр. Цифрлық қоғамның, экономика мен білімнің дәуірі келді. Менің буыным мектепте оқып жүргенде, әсіресе ауылда теледидар да жоқ еді. Радио енді ғана шыға бастаған еді. 100 жыл тарих үшін тым қысқа уақыт. Қазір бәрі 10 жылдың ішінде қалай өзгеріп жатқанын көре беріңіз. Сол үшін біздің мемлекет уақыт алға тартып отырған тегеуріндерге жауап бере алуы керек. Қазіргі таңда мемлекеттер арасында ғана емес, адамдар арасында да бәсеке қыза түсті. Креативті буыны бар мемлекет жеңімпаз болып шығады. Мен бұл жігерді Сіздерден көріп отырмын», – деді Елбасы.
Ғалым ОМАР-ХАН
https://turkystan.kz/
- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img