Утилизациялық алымды есептеу әдістемесін өзгерту туралы бұйрық жарияланды.

Құжат ҚР нормативтік құқықтық актілерінің электронды түрдегі эталондық бақылау банкінде 4 мамырда жарық көрді, бірақ ресми жарияланған күні — 3 мамыр. Бұйрық 10 күннен кейін, яғни 14 мамырда күшіне енеді, деп жазады kolesa.kz.

Аталған күннен бастап утилизациялық алым жаңа тариф бойынша жиналады. Оның мөлшері мынадай болады:

Көлік түрі мен категориясы Утилизациялық алымның базалық мөлшерлемесі Көлікке утилизациялық алым төлеуге қатысты коэффициенттер 2022 жылғы утилизациялық алым мөлшерлемесі (тг)
1. М1 категориясындағы көлік құралдары (G категориясындағы өтімділігі жоғары көліктерді қоса алғанда): жеңіл көліктер, сонымен қатар квадроцикл, қарда жүретін көлік, жол талғамайтын мотоцикл, трициклды қоспағанда, СЭҚ ТН 8703 кодтар тобына кіретін басқа қозғалыс құралдары
Гибрид күштік құрылымы бар көліктерді қоспағанда, электрлі қозғалтқышы бар көліктер 50 АЕК 0 0
Қозғалтқышының жұмыс көлемі:
1 000 см³-ге дейін 50 АЕК 1.5 238 500
1 001 см³-ден; 2 000 см³-ге дейін; 50 АЕК 3.5 556 500
2 001 см³-ден; 3 000 см³-ге дейін; 50 АЕК 5 795 750
3 001 см³-ден жоғары; 50 АЕК 11.5 1 828 500
2. G категориясындағы өтімділігі жоғары көліктерді қоса алғанда, N1, N2, N3 категориясындағы көлік құралдары, сонымен қатар СЭҚ ТН 8701 20 101, 8701 20 901, 8704 және 8705 кодтар тобына кіретін басқа қозғалыс құралдары (Х санатты коммуналды-тазалағыш көліктерді қоспағанда)
Гибрид күштік құрылымы бар көліктерді қоспағанда, электрлі қозғалтқышы бар көліктер 50 АЕК 0 0
Толық массасы:
2.5 тоннаға дейін 50 АЕК 3.5 556 500
2.5 тоннадан 3.5 тоннаға дейін 50 АЕК 7.5 1 192 500
3.501 тоннадан 5 тоннаға дейін 50 АЕК 7.5 1 192 500
5.01 тоннадан 8 тоннаға дейін 50 АЕК 8 1 272 000
8.01 тоннадан 12 тоннаға дейін 50 АЕК 9.5 1 510 500
12.01 тоннадан 20 тоннаға дейін 50 АЕК 10.5 1 669 500
20.01 тоннадан 50 тоннаға дейін, ершікті тартқыштарды қоспағанда 50 АЕК 20.5 3 259 500
12 тоннадан 50 тоннаға дейінгі ершікті тартқыштар 50 АЕК 11 1 749 000
3. G категориясындағы өтімділігі жоғары көліктерді қоса алғанда, М2, M3 категориясындағы көлік құралдары, сонымен қатар СЭҚ ТН 8702 кодтар тобына кіретін басқа қозғалыс құралдары
Гибрид күштік құрылымы бар көліктерді қоспағанда, электрлі қозғалтқышы бар көліктер 50 АЕК 0 0
Қозғалтқыш көлемі:
2 500 см³ 50 АЕК 4 636 000
2 501 см³-ден; 5 000 см³-ге дейін; 50 АЕК 8 1 272 000
5 001 см³-ден; 10 000 см³-ге дейін; 50 АЕК 10.5 1 669 500
10 001 см³-ден жоғары; 50 МРП 13.5 2 146 500
4. Тракторлар
Қозғалтқыш қуаты:
60 а.к-не дейін 50 АЕК 2 318 000
61 а.к-нен 130 а.к-не дейін 50 АЕК 5.5 874 500
131 а.к-нен 220 а.к-не дейін 50 АЕК 17 2 703 000
221 а.к-нен 340 а.к-не дейін 50 АЕК 29 4 611 000
341 а.к-нен 380 а.к-не дейін 50 АЕК 29 4 611 000
380 а.к-нен жоғары 50 АЕК 40 6 360 000
5. Астық жинайтын және жем жинайтын комбайндар
Қозғалтқыш қуаты:
160 а.к-не дейін 50 АЕК 9 1 431 000
161 а.к-нен 220 а.к-не дейін 50 АЕК 23 3 657 000
221 а.к-нен 255 а.к-не дейін 50 АЕК 32 5 088 000
256 а.к-нен 325 а.к-не дейін 50 АЕК 38 6 042 000
326 а.к-нен 400 а.к-не дейін 50 АЕК 38 5 819 700
400 а.к-нен жоғары 50 АЕК 45 7 155 000

Кестеде алым сомасы 2022 жылы 1 сәуірде «2022 — 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға жазылған АЕК мөлшері (3180 теңге) бойынша есептелді. Құжатты ҚР сенаты 5 мамырда қабылдады, ол жуырда күшіне енеді.

Бұрын қозғалтқыш көлемі 1 литр мен 2 литр аралығындағы жеңіл көліктер үшін 1 072 050 теңге төлеу керек болса, 2022 жылы 14 мамырдан бастап ол 556 500 теңгеге түседі. Ал көлемі 3 литрден асатын машинадан алынатын алым 3 522 450 теңгеден 1 828 500 теңгеге төмендейді. Яғни, алым мөлшері тура екі есе азаяды (ершікті тартқыштар үшін де).