Саяхат жоспарлау мәселесіндегі ең беделді сайты «TripAdvisor» Тravellers` Choise премиясының «ең үздік аралдар» атағын иемденген аралдардың тізімін жасады. Ең үздіктерді қонақ үй, мейрамхана мен ойын-сауық кешендеріне берген туристердің бағасы, сайттағы бөліскен ойлар арқылы анықтады.
1. Мауи, Гавай аралдары
Бұл арал — fлтын құмды жағажайы мен бамбук ормандарының арқасында көптің сүйікті демалыс орнына айналған. Сонымен қатар, мұнда Халеакала шыңынан ұйқыдағы жаңартауды тамашалау мүмкіндігі бар.
Мауидағы қонақ үйлерге бір түнге қонақ болу бағасы: 334 $
Маусымдық бағалары: көктем: 346 $, жаз: 339 $, күз: 345 $, қыс: 412 $
Маусымаралық алдын-ала жалдау кезінде 24 % жеңілдік ала аласыз.
2. Сантрини, Грекия
Көк шатырлы ақ үйлер, сапфир суы, жарты сфера пішінді көгілдір ғимаратты Санторини туристер үшін жұмақ мекенге айналған. Қызыл таулардың жағасындағы Амуди Бэй жағажайы — ғашықтар үшін нағыз романтикалық мекен.
Қонақ үйге бір күнге тоқтау: 224 $
Маусымдық бағалары: көктем: 166 $, жаз: 256 $, күз: 195 $, қыс: 186 $
Маусымаралық алдын ала жалдау кезінде 35 % пайызға дейін жеңілдік алуға болады.
3. Ямайка, Кариб теңізі
«Су мен ағаштың мекені» Ямайка — орманда серуендеу мен құстарды бақылауды ұнататындар үшін арналған таптырмас орын. Тарих сүйгіштер Трелонның көрікті жерлерін аралай алса, регги мен дэнсхол қайрандары Кингстонның қайталанбас түнгі клубтарында рахаттана дем ала алады. Ал, тыныш, пассив демалысты қалайтындар Seven Mile Beach жағажайынан өз талғамына сай жақсы мейрамханалар таба алады.
Қонақ үйге бір күнге тоқтау: 235 $
Маусымдық бағалары: көктем: 262 $, жаз: 234 $, күз: 227 $, қыс: 304 $
Маусымаралық алдын ала жалдау кезінде 25 % пайызға дейін жеңілдік алуға болады.
4. ПРОВИДЕНСИАЛЕС, ТЕРКС И КАЙКОС
Провиденсиалес — жағажай бағытындағы демалыс орындарының ең үздіктерінің бірі. Аралдың орналасуы дайвинг, сноркеллингтен ләззат алатын жақсы мүмкіндіктер мен шарттар сыйлайды. Travelers` Choice сыйлығының жеңімпазы Грейс-Бэй жағажайы демалысқа арналған таңғажайып орын.
5. Бали, Индонезия
Бали дегенде көз алдымызға ашық хаттағы ну ормандар, джунгли, Үнді мұхитының толқындары келеді. Бұл жерде жұмсақ ақ құмда күнге қыздырынып, табиғаттың тропикалық тылсымдарын тамашалап, ІІ дүниежүзі соғысынан қалған кеме қалдықтарын да көре аласыз. Келушілер бұл мекендегі Тирта Гангга бақшасымен тамсанып, балаларын үлкен бассейнмен қуанта алады.
Қонақ үйге бір күнге тоқтау: 102 $
Маусымдық бағалары: көктем: 92 $, жаз: 106 $, күз: 99 $, қыс: 99 $
Маусымаралық алдын ала жалдау кезінде 13 % пайызға дейін жеңілдік алуға болады.