Пятница, 13 декабря, 2024
No menu items!

Жас сақшылармен кездесу өтті

Басқа ақпараттар

Бүгін Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Асхат Раздықұлы жас сақшылармен кездесті. Еске сала өтейік, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен қалалық Ішкі істер департаменті қолдауымен «Қазақстан студенттері Альянсы» республикалық студенттер қозғалысы құқықтық тәртіпті сақтау жасақтарын құрған.

Басты мақсат: жастар арасында құқықтық мәдениетті көтеру және құқықбұзушылықтың алдын алу. 2017 жылдың наурыз-қараша айлары аралығында «Жас сақшы» құқықтық тәртіпті сақтау студенттік жасақ мүшелері жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, елорданың Play station клубтары, кинотеатрлар мен сауда орталықтары және саябақтарында рейдтік іс-шара өткізіп келеді.

Қазіргі уақытта Құқықтық тәртіпті сақтау жасақтары құрамында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, Астана медицина университеті, ҚазАТК, политехникалық және басқару колледжінің студенттері жұмыс атқаруда. Бүгінгі жиын жас сақшылардың ой-пікірін, наразылықтарын ортаға салу мақсатында ұйымдастырылды. Елордамызды бәріміз бірлесе қорғайық деген үндеумен жастар алдағы уақытта да белсенді болуға уәде берді

Соңғы жарияланымдар

Қайрат Сәтжанов: Екі салмақ бойынша финалдың нәтижесімен келіспейміз❌

Бокстан Қазақстан 🇰🇿құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов команданың Таиландта өткен Азия чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді. «Біз тек екі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз