Басты бет Спорт Махмұд Сабырхан ересектер арасында алғаш рет Азия чемпионы атанды

Махмұд Сабырхан ересектер арасында алғаш рет Азия чемпионы атанды

Бокшымыз Махмұд Сабырхан 54 кг дейінгі салмақта Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Ол Таиландтың Чиангмай қаласындағы финалда өзбекстандық Шахзод Музаффаровты айқын басымдықпен жеңді. Төрешілер есебі: 4-1.

Қазақ спортшысы барлық раундта қарсыласына жойқын соққыларын дөп тигізіп, еш мүмкіндік берген жоқ.

Осыдан 2 жыл бұрын Амман қаласындағы Азия чемпионатында Махмұд финалда сүрініп, 2-орыннан көрінген.

Exit mobile version